• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Қараша, 2019

Швейцария Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

189 рет
көрсетілді

Швейцария Президенті Ули Маурер Қазақстанға жоспарланған ресми сапармен келеді. Бұл туралы  Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«21-22 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына Швейцария Конфедерациясының Президенті – Қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді. Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады. 22 қарашада мемлекеттер басшылары «Ақорда» резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады», деп жазды Берік Уәли

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді деп жоспарланған.