• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қараша, 2019

Елордада екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды

172 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылдың 19 қарашасында ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін артатыны ескертілген болатын. Осы уақытта температура бағамы -13 градусты көрсетіп тұр. Сезілуі -29 градус. Бұған дейін бүгін 0-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған болатын.