• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қараша, 2019

Қазақстандық боксшылар Голландиядағы халықаралық турнирге қатысты

776 рет
көрсетілді

Голландияда бокстан дәстүрлі World Port Boxing турнирі аяқталып, қазақстандық спортшылар жүлдеге ілікті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстан мен Нидерланд командалары арасындағы кездесуде алты қазақстандық боксшы жеңіске жетті. 

Аталған сында Қазақстан атынан төмендегі боксшылар шаршы алаңға шықты: Зәкір Сафиуллин (60 келі), Талғат Шайкен, Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет, Ермахан Жакпеков (75 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі), Аида Әбікеева (57 келі), Валентина Хальзова (69 келі). 

Нидерланд бокс федерациясы биылғы додаға Қазақстан командасын шақырған. Бұрын бұл турнирге АҚШ және Куба құрамалары қатысқан болатын.