• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 19 Қараша, 2019

Сенатта Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды

160 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

«Заң жобасының негізгі мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы тең құқықтық және өзара тиімділік қағидаттары негізінде ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту. Құжатты ратификациялау Қазақстанның әскери саладағы мүмкіндіктерін кеңейтеді және екі мемлекет арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуға оң әсер етеді», деп атап өтті комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге 2018 жылғы 13 қыркүйекте Анкарада қол қойылған болатын.

Заң жобасын әзірлеушілер екі ел арасында бірлескен оқу-жаттығулар мен ғылыми және техникалық зерттеулер жүзеге асатынын, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі мәселелері талқыланатынын атап өтті.

Құжаттар Палатаның қарауына берілді.