2019 жылғы 21 қарашада Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында ел бойынша «азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара аясында қала әкімі, қала әкімі орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдайды.