Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шетелдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкілдерінің еліміздің азаматтығын қабылдау туралы ұсынысы енгізілді.
Сонымен қатар көші-қон саясатының басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.