Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) түрлі салмақ дәрежесі бойынша өзінің жаңа рейтингін жария етті.
Таяуда ғана Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 10 раундтық жекпе-жекте нигериялық Уолтер Каутондокваны ұпай санымен ұтып, орт салмақта WBO International нұсқасы бойынша алтын белбеуді иеленген қандасымыз Қанат Ислам үш сатыға көтеріліп, қазіргі кезде бесінші орынды иеленуде.
10 қарашада АҚШ-тың Фресно қаласында Жәнібек Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносені алтыншы раундта ұрып жығып, өзіне тиесілі WBC Continental Americas және WBO Global нұсқаларының чемпиондық атақтарын қорғап қалған еді. Осы жеңісінің арқасында қазақ боксшысы орта салмақ дәрежесі бойынша 13-орыннан алтыншы сатыға жоғарлады.
Сондай-ақ Қазақстанның қос өрені – Айдос Ербосынұлы мен Жанқош Тұраров та WBO нұсқасы бойынша үздік ондықтың қатарында.