Бүгін қарт құрлықтың бірқатар елдерінде футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңіндегі бәсекелер басталады.
Бұл күндері барша қазақстандық жанкүйерлердің назары Алматы мен Түмен қалаларына ауып отыр. Себебі, Алатау баурайында өтетін С тобындағы турнирде жергілікті «Қайрат» күш сынасады. Жерлестеріміз өзінің тұсаукесер кездесуін бүгін Испанияның «Эл-Пососына» қарсы өткізеді. 22 қарашада Италияның «Песаросымен» шеберлік байқасамыз. 24 қарашада Португалияның «Бенфикасымен» сайысқа түсеміз. Бұл бәсекелердің барлығы да Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.
Ресейдің Түмен қаласында В тобындағы бәсекелер басталады. Бұл жарыста Рудныйдың «Аяты» жергілікті «Тюмень», Португалияның «Спортинг» және Хорватияның «Ново Вриеме» клубтарымен кездеседі.