• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2019

Зорлық-зомбылық қылмыстар үшін жаза қатаң болады

550 рет
көрсетілді

Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар үшін қатаң жаза қолданылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды деп хабарлайды egemen.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуына қарағанда, зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. Бұл жерде де татуласу болмайды. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар үшін жаза тіптен қатал болмақ.

«Бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр» деді М. Ахметжанов.

Сонымен қатар педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін, тек қана бұрмалап және жасырып қоймай, біліп тұры хабарламағаны үшін де жауапкершілік көзделген.

«Бұл әрекеттер ауыр қылмыстар санатына кіретін болады. Мысалы, интернатта тәрбиеленіп жатқан балаларға қарсы қылмыстарды тәрбиеші жасырған болса, тиісті жауапкершілік ескерілген» деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске сала кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылап жатыр.