• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қараша, 2019

Павлодарлық полицейлер пальто ұрлаған күдіктіні ұстады

148 рет
көрсетілді

Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінде киім өлшейтін орыннан сатушылар ұрлыққа қарсы сынған датчиктерді тапты. Бутикті жапқаннан кейін тауарды санау кезінде персонал ер адамның пальтосы жетіспейтінін анықтады. Жәбірленушілер полицияға жүгінді. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Полиция қызметкерлері бейнекамерадағы жазбаларды қарау кезінде бутиктен осы пальтоны киіп, шығып кеткен ер адамды байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 33 жасар павлодарлықты анықтады. Пальто тәркіленді. Ұрлық жасаған күдікті киім өлшейтін орынға кіріп, пальтодағы датчиктерді сындырып,  жаңа киімді үстіне киіп, өз күртесін қолына ұстап, бутиктен шығып кеткен. 

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ломов көшесіндегі дүкеннен балға ұрлаған 48 жасар павлодарлықты анықтады. Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған екен. Алайда ол балғаны басқа бір адамға сатып жіберіпті.

Бұл фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында 3800-ден астам ұрлық фактісі тіркелген.