• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қараша, 2019

Біржан Нұрымбетов елуден астам азаматты қабылдады

149 рет
көрсетілді

«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпыұлттық іс-шарасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасына көшу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 50-ден астам адамды қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еңбекминінің басшысына Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды, Теміртау, Қостанай және Көкшетау қалаларының тұрғындары жеке сұрақтарын қойды.

Өтініштердің басым бөлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, оның ішінде оларды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қатар, азаматтар атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге, борыш жүктемесінің төмендеуіне, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, бизнес ашуға грант алуға, еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты сұрақтар қойды.

Жүгінушілердің барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Біржан Нұрымбетов нақты түсініктемелер берді және тиісті ведомстволарға Еңбекминінің құзыретіне кіретін мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.