Испанияның астанасы – Мадридте теннистен өткен Дэвис кубогы жолындағы жарыс өз мәресіне жетті.
Жаңа форматта өткен айтулы турнирде жарыс қожайындарының қарқыны өте күшті болды. Ширек финалда Аргентинадан айласын асырған испандықтар жартылай финалда Ұлыбританиядан басым түсті. Екі бәсекеде де 2:1 есебі тіркелді.
Ақтық сында Испания құрамасы Канадамен күш сынасты. Бұл кездесуде Пиреней түбегінің түлектері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Тарқатып айтсақ, Роберто Батиста Агут Феликс Оже-Альяссимді (7:6, 6:3) ұтса, Рафаэль Надаль Дениса Шаповаловқа (6:3, 7:6) шаң қаптырды.
Осылайша, Испанияның теннисшілері өз тарихында алтыншы мәрте Дэвис кубогын олжалады. Соңғы рет олар 2011 жылы бас жүлдені иеленген болатын.