Осы бокс кешінде Қытайда туып-өскен 25 жастағы қандасымыз Бейсенбі Насиоллаұлы да өнер көрсетті. Осыған дейін 20 мәрте рингке шыққан ол 16 бәсекені өз пайдасына шешкен еді. Алты жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Үш рет ұтылып, тағы бір кездесуде тең есеп тіркелді.
Бұл жолы бірінші орта салмақтағы қазақ боксшысының жолы мексикалық Сауль Корральмен (31-15, 20 КО) қиысты. Сегіз раундтық сайыста Бейсенбі Насиоллаұлы ұпай санымен жеңіске жетті.
Ал Индиодағы жарыстың басты жекпе-жегінде никарагуалық Рене Альварадо (32-8, 21 КО) америкалық Эндрю Канчионы (21-5-2, 16 КО) техникалық нокаутпен ұтып, WBA нұсқасының екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін иеленді.