• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қараша, 2019

Шекарашылар браконьерлердің жолын кесті

186 рет
көрсетілді

Кеше Шонжы шекара жасағы А. Онопко атындағы шекара заставасының учаскесінде заңсыз аң аулап жүрген 1969 жылы туған және 1971 жылы туған ҚР екі азаматы ұсталды. Бұл туралы Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аң аулауға рұқсат беретін құжаттары болған жоқ. Олардан 12 калибрлі Ремингтон 870 EXPRESS Magnum маркалы екі қару-жарақ және оның оқ-дәрілері тәркіленді. Ұсталғандар қару-жарақпен бірге Ұйғыр аудандық ПБ-ға тапсырылды», делінген хабарламада.