• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қараша, 2019

Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне аттанды

199 рет
көрсетілді

Шорт-тректен жаңа маусым жалғасуда. Жақында АҚШ пен Канададағы әлем кубогінен оралған қазақстандық спортшылар кезекті жарысқа қатысу үшін Жапонияға ұшып кетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңін қабылдайды. 

Команда бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков кубоктік кезеңде бақ сынайтын спортшылар тізімін жария етті. 

Олар: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Ольга Тихонова және Алена Волковитская.  Әлем кубогінің төртінші кезеңі 8-10 желтоқсан күндері Қытайдың Шанхай қаласында өтпек. 

Айта кетейік, АҚШ-та өткен әлем кубогінде қазақстандық Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды.