Президент Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті. Қазіргі таңда елімізде 70 Елшілік және 30 халықаралық ұйым өкілдігі жұмыс істейді» деп жазылған хабарламада.