• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 26 Қараша, 2019

Дипломатия саласы маңызды әрі жауапты жұмыс - Президент

331 рет
көрсетілді

Еліміздегі дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу жақсы дәстүрге айналды. Бұл, ең алдымен, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын маңызды шара. Сондықтан осы басқосуда Қазақстанның даму бағдарына, ішкі-сыртқы саяси басымдықтарына баса мән бергіміз келеді деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде.  

Мемлекет басшысы қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 70 Елшілік және 30 халықаралық ұйым өкілдігі бар екенін айтты.

«Еліміздегі дипломатиялық өкілдіктер алдағы уақытта да көбейе түседі деп үміттенеміз. Осы орайда Беларусь және Оңтүстік Корея елшіліктері жаңа ғимаратқа көшкенін атап өткім келеді. Елорда төріндегі жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Дипломатия саласында көп жыл еңбек еткендіктен, бұл жұмыстың қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін өте жақсы білемін. Мемлекеттеріміз арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймын» деді Президент.