• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 26 Қараша, 2019

Президент: Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияға сапарларым жоспарланып отыр

176 рет
көрсетілді

Стратегиялық маңызы зор мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы жағдайлар да қолайлы болуы керек. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз халықаралық алаңда лайықты орын алды. Мемлекетіміз жаһандық жағдайға бейімделді деді Президент Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде. 

«2019 жыл халықаралық деңгейдегі көптеген табысты кездесуге де толы болды. Мен сындарлы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға ресми сапармен бардым. Келіссөздер өте нәтижелі өтті» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Еуразиялық экономикалық одақтың, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммиттеріне қатысқанын атап көрсетті.

«Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияға сапарларым жоспарланып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысып, сөз сөйлеп, соның аясында бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер жүргіздім» деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан бөлек биыл Қазақстанға ресми сапармен Корея Республикасы, Грузия, Армения, Моңғолия, Беларусь және Швейцарияның Мемлекет және Үкімет басшылары келгенін айтты.

«Осы сапарлар мен кездесулер өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндік тудырды» деді ол.