• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қараша, 2019

Ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу – Қазақстанның негізгі басымдығы

174 рет
көрсетілді

Қазақстанның көпжақты құрылымдарға мүше болуын қауіпсіздік пен өсіп-өркендеудің тиімді тетігі ретінде қарастырамыз.

Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде Президент осылай деді. 

«Биыл мен Біріккен Ұлттар Ұйымы мінберінен Қазақстан Президенті ретінде алғаш рет сөз сөйледім. Бас хатшымен жүздесіп, Қазақстан мен Ұлттар Ұйымы сенімді серіктес екенін растадық. Осы жылдың мамыр айында Қазақстанда Халықаралық ұйымдардың жаңа ғимаратының ашылуы – соның айқын дәлелі. Мұнда ғаламдық Ұйымның 16 агенттігі жұмыс істейді. Енді осы ғимаратта Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттары жөніндегі орталығын ашуды ұсынамыз» деді Мемлекет басшысы.

Оған Орталық Азия елдеріне және Ауғанстанға қолдау көрсету мандатын беруге шақырды.

Ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу Қазақстанның негізгі басымдығы ретінде сақталатынын айтқан Президент, осы ретте дүниежүзілік қауымдастық мүшелерін Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны қолдауға үндеді.