• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2013

Мүдделестік мұраты

300 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың Малайзияға мемлекеттік     сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарды сапалық жаңа дең­гейге көтеруге алғышарт жасады Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Малайзия жағының шақы­руы бойынша осы елге сапары бесінші мәрте жүзеге асты. Сапар ма­қсаты саяси үнқатысуды жо­ға­ры дең­гей­де дамыту, сауда-эко­номикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынты­мақ­тас­тықты белсенді арнаға түсіру болды. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Малайзия Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы мешеу қалған аграрлы аймақтан жаңа индустриялық мем­лекет деңгейіне көтерілді. Сөй­тіп, үшінші мыңжылдыққа эко­номикалық өсу қарқыны мен тұрғындар табысының деңгейі жөнінен өңірдегі көшбасшы елдер қатарында қадам басты. Әрине, әлемдік қаржы дағда­ры­сы Малайзия экономикасына да кері ықпалын тигізіп, 2009 жылы ел ІЖӨ-сі 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы шаралар пакетінің нәтижесінде өсу қарқынын қалпына келтіруге қол жеткізілді. Қазіргі кезде Малайзия дамудың жаңа кезеңінде тұр. Н.Разак үкіметінің бастамасы бойынша 2020 жылға қарай ұлт­тық ІЖӨ көлемін екі еселендіруге бағытталған мемлекеттік даму бағ­дарламасы қабылданды. Ол «трансформацияның жаңа сая­са­ты» деп аталады. Бүгінде бұл ел өзін әлемге экономикалық жағы­нан дамыған мұсылман мемлекеті ретінде мойындатуға ұмтылып отыр. Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (АСЕАН) негізін қалаушы мем­лекеттердің бірі және осы ұйым­ның қауіпсіздік жөніндегі өңірлік форумының белсенді мүшесі. Сон­дай-ақ Ислам Ынтымақ­тас­ты­ғы Ұйымы (ИЫҰ) мен басқа да беделді өңірлік бірлестік­тер­дің белсенді қатысушысы. 2007-2008 жылдары бұл ел ИЫҰ-ға төрағалық етті. Малайзия басшылығы Қа­зақ­стан­ның саяси және әлеуметтік-экономикалық табыстарын жоға­ры бағалап қана қоймай, Ота­ны­мызды Орталық Азиядағы сенімді серіктесі ретінде қарастырады. Мәселен, ресми Куала-Лумпур Қазақстан Президентінің Азия­да­ғы өзара іс-қимыл және сенім ша­ралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақыру туралы баста­ма­сын қолдап, бүгінде форумға байқаушы мәртебесін иеленген. Сапардың саяси қырына келсек, биыл екі ел арасында дип­ло­матиялық қарым-қатынас орна­ға­нына 20 жыл толды. Қазақстан Президенті Малайзияның Жо­ғар­ғы билеушісі Сұлтан Абдул Халим Муадзам Шах Янг-Ди-Пер­туан Агонг ХІV-пен ол жоғары мемлекеттік лауазым иеленген 11 сәуір­ден кейін кездескен шетелдік ал­ғаш­қы мемлекет басшысы болды. Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия үкіметінің басшысы Наджиб Тун Разакпен кездескеннен кейін ұйымдастырылған баспасөз мәс­лихатында атап көрсеткендей, екі ел арасындағы тауар айналымы мемлекеттердің әлеуетіне еш сәй­кеспейді. Сондықтан сапар­дың негізгі мақсаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты барынша тереңдету болып та­был­ды. Келіссөздер барысында сон­дай-ақ 14 жылдан бері жұ­мысы тоқтап тұрған Қазақстан-Малайзия Бірлескен  сауда-эко­но­микалық комитетінің (БСЭК) қызметін қайта жандандыру ар­қы­лы үкіметаралық және ведом­ствоаралық байланыстарға жаңа­ша серпін беруге ұмтылыс таны­тылды. Малайзия компаниялары энер­гетика, минералдық ресурстар өн­діру, мұнай-химия, ауыл шаруа­шылығы, құрылыс және қаржы салаларында бірлескен жобалар жасап, оларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Малай та­рабының мұнай химиясы сала­сындағы үлкен тәжірибесін ескере келгенде, жоғары сапалы мұ­най химиясы өнімін алу мақ­са­тында және қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту үшін көмірсутегі шикізатын те­рең­дей өңдейтін толық техно­логиялық цикл құру тиімді. Сонымен қатар, Қазақстан үшін бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында Малайзиядан инвестиция тарту пайдалы. Осы қатар­да Малайзияға Қазақстан қар­жы­сы да артықтық етпейтіні түсі­нік­ті. Жоғары деңгейдегі келіс­сөз­дер кезінде аталған бағыттарда бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстан Республи­ка­сының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исе­кешевтің қатысуымен өткен екі ел компаниялары арасындағы бизнес-форум барысында да аталған тақырып бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасылды. Осы негізде екіжақты таныс­тырылымдар болып өтті. Бизнес-форум нәтижелері көп кешікпей өзінің жемісін беретіні күмәнсіз. Ауыл шаруашылығы сала­сын­дағы ынтымақтастық та ай­тар­лықтай мүмкіндіктерге ие. 2005 жылы Қаз

Соңғы жаңалықтар