• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2013

Әйел әлемі

530 рет
көрсетілді

      Балуан Шолақ  ұрпағының ұйытқысы Бүгінгі әңгіме Балуан Шолақтың кіші келіні Ғазиза Мәткенқызы жайлы. Ол Көкшенің көркем қойнауындағы Бурабайдың Кіндікқарағай ауылында туып-өсті. Әкесі Мәткен оқыған-тоқығаны мол, әрі молда, әрі кең жауырын балуан болғанын жазушы Естай Мырзахметовтің кітаптарынан білеміз. Анасы Ұмсынай 17 бала тәрбиелеп өсірген ғазиз жан еді. Ғазиза апамыздың біз көрген інілері Құрбан – колхозда есепші, Ғани – отыз жылдай мектеп директоры, Қадер – Жезқазғанның Қарсақпай зауытында директор қызметін атқарды. Сіңлілері Нәсипа айтулы ұстаз, Қазина Ұрымқайдағы кірпіш зауытының бригадирі ретінде ел есінде.

 

      Балуан Шолақ  ұрпағының ұйытқысы Бүгінгі әңгіме Балуан Шолақтың кіші келіні Ғазиза Мәткенқызы жайлы. Ол Көкшенің көркем қойнауындағы Бурабайдың Кіндікқарағай ауылында туып-өсті. Әкесі Мәткен оқыған-тоқығаны мол, әрі молда, әрі кең жауырын балуан болғанын жазушы Естай Мырзахметовтің кітаптарынан білеміз. Анасы Ұмсынай 17 бала тәрбиелеп өсірген ғазиз жан еді. Ғазиза апамыздың біз көрген інілері Құрбан – колхозда есепші, Ғани – отыз жылдай мектеп директоры, Қадер – Жезқазғанның Қарсақпай зауытында директор қызметін атқарды. Сіңлілері Нәсипа айтулы ұстаз, Қазина Ұрымқайдағы кірпіш зауытының бригадирі ретінде ел есінде. Бұл да дүние тұтқасынан тәлім тарқатар ойға жетелейді. Бұл күндері 91 жастағы Ға­зиза апамызды 1986 жылы Бұ­ланды ауданындағы «Отрадный» мем­ле­кеттік орман шаруашы­лы­ғы меке­месі аумағындағы Тасты­өзек ауылында көргентұғынмын. «Ұлы дала» қозғалысы төраға­сының бірін­ші орынбасары, белгілі кәсіпкер Марат Нәбиевтің бастамасымен Балуан Шолақ қорымына ескерт­кіш тас қо­йыл­ған. Сонда ғазиз ана тәубе сөзін айтып, тебірене сөй­леген. Одан кейін Жамбыл облы­сы­ның әкімі бастап келіп, баба бейітіне 16 метрлік мемориалдық ескерткіш орнатылғанда Ғазиза апайымыз­дың зыр жүгіре қызмет еткенін көргенім бар еді. Міне, енді Ғазиза апамыздың ұлдан үлкені, Бұланды ауданы­ның орталығы Макин қаласының әкімі Шайдолла Шолақовтың бастауымен Тастыөзекке  келе жатырмыз. Жанымда «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Шыңғыс Тәше­нов бар.  Айнала­ның көркем көрі­нісі бізді еріксіз баурап, Балуан баба заманына жетелеп бара жат­қандай сезіндік. Алайда бұра­лаң бір тұста көлігі­міз селк ете қалды. Шайдолла жымиып отыр екен. – Ұқсастықты қараңызшы, – дейді Шәкең сонау бір өткен күн­дердің сілемінен сөйлеп тұрған­дай кейіпте. – Салт атты әкем Құ­дайберген «Кызыл кардон­ның» дәл осы бұрмасына келе бергенде май батпаққа батқан  мәшинені кө­реді. Бірсыпыра адам жол тал­ға­­майтын «Уаздың» әуресімен қы­зыл терге түсіпті. Соны әкем жарықтық иығымен итеріп шыға­рыпты. Сәбит Мұқанов, Ахмет Жұбанов, Жайық Бектұров, Ес­тай Мырзахметов еңбектерінде балуан атамызға қатысты дәл осындай көрініс бар. Ол қос ат жегілген үйме шөпті арбаны жал­ғыз қолы­мен тартып шығарған. Орыстың риза мұжығы жүгенін қолына ұстап, жаяу кете барғанда бәстің бәсіресін бұзып, арбасын қос атымен қайтып берген екен. Шындығында, Құдайбергенді «әкесінің аузынан түсіп қалған­дай» деген сөзді жиі еститінбіз. Балуан­дығын былай қойғанда әнші, күйші, ағаш шебері болған көрінеді. Оның өз қолымен жаса­ған қара домбырасы қазір де сақтаулы. Қаршадайы­нан колхоз, совхоздың қара жұмы­сына араласып, Макин қаласын­дағы Ленин атындағы зауыттан зейнеткер­лік­ке шыққан. Ғазизамен әй-шәйсіз 36 жыл отасып, 73 жасында дүниеден озды. Аузынан Алласы, қолынан Құраны түскен емес. Төрт көшелі Тастыөзектің ең­селі үйі бой көрсеткеннен-ақ Шай­долла мазасыздана бастады. «Қап, жаңа хабарласып алуым керек еді» дейді.  Айтқандай, Ғаз и­за апамыз үйде жоқ болып шық­ты. Кеше ғана Астанадағы қызы Асыл өзімен бірге алып кетіпті. Шайдолла қызық, анасын қарын­дасы ұрлап алып кеткендей кү­йіп-пісіп жүр. Мен еш өкінген жоқ­пын. Дәм бұйырса, кездесе жатармыз. Он екі құрсақ көтер­ген кейуа­наның тоқсаннан асқан шағында ұрпағын аралап жүруі, ал жігіт ағасының анасын іздеп қиғылық салуы кез-келгеннің басына жаз­баған бақыт. Үлкен үйден дәм татып, Балуан бабамыздың кесенесіне тәу еттік. Қайтар жолда Шайдоллаға алыстан орағытып сауал қойдым. «Кіндіққарағай тумасы, журналист досым Мәули Әлімовті біле­сің. Марқұм мынадай өлең айтушы еді: «Шолақова шонтиды, Партаға кеп қонжиды...».  Бұл кім? – Бұл менің әпкем Әйбат қой. Екеуі сыныптас, деп жанары жар­қырай әңгіме бастады. – «Қонжи­ды» деген сөзде мән бар. Үлкен апамыз Манат екеуінің арасында бала тұрақтамай, шетіней берген­дік­тен кіндігін Қыстауқарағай ауы­­лының қияңқылау бір ұл баласына балтамен кестірген екен. Атамызға тартқан алып қыз болды. Мазақ­тап, намысына тиген балаларды ұрып жығып, сынып бөлмесінің ортасына үйіп қояды екен. Көкше­тауға таяу Кенесары ауылында тұрады, кіре кетсе­ңіздер болады. Межелі жерге жеткен соң жұ­мысы көп әкім Макинкада қалып, Кенесарыға да келіп жеттік. Жол жиегіндегі коттедж үйде тұрады екен. Алдында екі қызыл бұзау арқандаулы тұр. Осы сәт орнымда қалшиып тұрып қалдым. Құдай­дың құдіреті, әлгі бұзаудың  біреуі­нің маңдайында «7» әрпі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Оны ұялы телефоныма түсі­ріп алдым. Енді мына қызықты қараңыз, Әйбат апа 2006 жылғы 31 жел­тоқсанда, Құрбан Айттың бі­рін­­­ші күнінде бүйірінде «Алла» деген жазуы бар қозы туғанын айтып, ұлы, ауыл имамы Мұрат Қа­былбаевтың қозыны ұстап тұрған суретін көр­сет­ті. Діндар ана қа­жылыққа барып келген. Халық емімен айналысады. Енді білдік, Шайдолла да, оның келіншегі Дә­мелі де қажылық парызын өтеп қайтыпты. Мұның бар­лығын Балуан Шолақ бабала­рының аруағы желеп-жебегені деп біледі. – Шешеміз шілде айының со­ңын­да біздің үйге келеді. Тіпә-тіпә әлі ширақ, –дейді Әйбат апа. – Әке­міз қайтыс болғанда Манат, мен, Қай­ролла, Шайдолла ес біліп қалға­нымызбен, Асыл, Хамидолла, Есенбайлар әлі кішкен­тай еді. Үкіметтің берген 4 рубль жәрде­мақысымен бәрімізді жет­кізді. Қой бақты, сиыр қайырды, бал­шық илеп үй салды, қара жұмыс­тың бәрінен қайыс­пады. Қолы шебер. Түбіт шәлі тоқып, текемет, алаша басатын. Мо­йымайтын қа­жырлылығының арқа­сында Шай­долла Алматы физкультура институтын, Асыл Қа­ра­ған­дыдағы ко­опе­ративтік институтты, Есенбай Целиноград машина жасау техни­кумының күндізгі бөлімін бітірді. Баршамыз ел қатарлы жұ­мыс іс­теп, анамызды қуантқан­даймыз. Ол кісінің 20 немересі, отызға жуық шөбересі бар. Марапаттан да кенде емес. Соның ішінде Шу қала­сына арнайы шақыртылып, Балуан баба­мыздың ескерткішінің ашылуына қатысқанын, арнайы медаль алға­нын мақтан етеді. Баба ұрпағының ұйтқысы болып жүрген анамызды әрқашан ардақ тұтамыз. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Бұланды ауданы.  

Қарлаг құрбандарын түгендеу бүгінде журналист Екатерина Кузнецованың

басты мақсаты болып отыр

Қарағандылық Екатерина Куз­нецова кезінде Кеңес Одағы ха­лықтарының шетсіз-шексіз да­ла­лық түрмесіне айналған атышулы Қарлаг туралы 30 жыл бойы тір­нектеп жинақтай келіп, талай ма­қала жазған еді. Ол ең­бектері оқыр­ман қауым назарына ілікпей қалмады. Соларды құрастырып, былтыр жарыққа шығарған «Қар­лаг ОГПУ-НКВД: Столыпиннен Гулагқа дейін» туындысы  тіпті, шет­ел­дік тарихшылар тарапынан да қызығушылық тудырды. Жалпы алғанда бұл оның шығар­ма­шылық жолындағы алғашқы сү­белі  еңбегі емес. Олай дейтіні­міз,  «Қанды 37. Қуғын-сүр­гін­дегі Қа­зақ­стан», «Темір тордағы Қар­лаг» атты және ату жазасына ке­сіл­ген­дердің тізімі жариялан­ған жинақ­тары тозақ отының бұрын-соңды мәлімсіз сырларын  бүге-шігесіз  алғаш алға жайған болатын. Екатерина Борисовнаның атал­­ған тақырыпты қаламға қазық қылуы жайдан-жай емес-ті. Қы­тай­дың Далян қаласында дүниеге келген ол осындағы ортадан ке­ңес­тер еліндегі саяси зорлық-зом­былықтарды естіп өсті. Ағылшын, қытай тілдеріне жетік әкесі ашылып сыр шашпаса да өміріне, балаларының бо­лашағына алаң­дау­шылық көңіл-күйі жағ дай­ла­рының бұлдырлы­ғын аңғартатын. Үнемі үрей үстінде тірлік кешкен  Колоколовтар отбасы Сталин өл­геннен кейін ғана Хрущевтің жы­лы­мық кезін пайдаланып, тарихи отанға оралуға  бет алыпты. Со­ның өзін­де елдің ірі қалаларының біріне қоныстануға рұқсат етіл­мей, тың игеруге тілек білдіру­шілер ретінде Қазақстанда қал­ды­рылады. Ақмоланың іргесін­дегі Киевка селосына тап болған бұ­лар ес жинаған соң Қараған­дыға табан тірейді. Тағдырдың жазуын қараңыз­шы, жас қыздың мұнда  Қарлаг­тың  қыл көпірінен өткен, бірақ ел­деріне қайтуға жолы кесілген жандармен аралас-құралас бола­тын­дығы қаперінде жоқ-тын. Олар қалада көп екен. Өзі білім жал­ғастырған мектепте ағыл­шын тілі­нен, физика пәнінен сабақ беруші ұстаздарының Қа­рағандының ай­на­ласындағы ті­кенек сымды қор­шауларда 10 жылдан астам жа­зықсыз зардап шеккендерін кейін­нен білді. Жастайынан армандаған ма­ман­дығына қолы жетіп, облыс­тық «Индустриальная Караганда» га­зетіне жұмысқа орналас­қанда  зо­ба­лаң жылдар зұлма­тын көріп, тақсыретін тартқан­дар әлі аз болмайтын.  Редак­цияға жиі соғатын аға әріптесі Жайық Бектұровтың сталиндік зұлымдықтың куәгері екенін зайыбы арқылы біліп, сыр тартуға талай талаптанған. Адам төзгісіз азапты бастан кешірген осы бір аяулы жанның кейде оңа­ша сәттерде айтып қалатын әңгі­мелері қойын дәптеріне түртіле беретін. Көптен көкейін маза­лаған тақырыпқа осылайша сүр­леу салынып, өткендегі ала­пат-кесапат­тардың  себеп-салдарын ашып көр­сетуге құлшыныс кү­шейген. Зерттеулік ізденіс­терді тоқтат­пауы ақырында жемісі мен же­ңісін әкелді. Қоғамда  күрт өзгеріс туып, талай жылғы құпиялар ашыла бастағанда саяси тұт­қын­дар тоғытылған ке­ңестік лагерь­лер­дің алыбы Қарлаг жайлы ал­ғашқы деректі материалдар бұл уақытта қалам тәжірибесі толыс­қан Кузне­цованың  қолынан бірінен соң бірі шығып жатты. – Олар  әрқилы қабылданды. Әсіресе, осынау лагерьдің Спас­скідегі, Долинкадағы, Дубовка­да­ғы, Ақтастағы бөлімшелерінің бұ­рынғы көзі тірі лауазымды қыз­мет­керлері мен күзетшілері арасында қатты ашу-ыза ту­ғызды. Мақа­лаларды жариялауды тоқта­ту­ды талап еткендер де болды. Алайда, бұлтартпас дә­лелдер, за­манның жылы лебі өрекпушілер желігін су сепкендей тез басты. Содан бері 200-ден астам материал жария­ла­нып, таңдаулылары кі­тап­­тарыма енгізілді. Расын айтқанда, бұл ауыр та­қырып. Жазу барысында жан сыздатып, өзек өртеп  отырады. Бірақ ақиқат үлкен сабақ. Сон­дықтан Қарлаг қасіретін барынша ашып көрсетуді жалғастыру  қаламгер­лік парызым деп бі­лемін, дейді Екатерина Борисовна. Әділетін айтқан жөн, оның ма­қалалары арқылы  соңғы уақытқа дейін тағдыры белгісіз болып келген біраз адамдардың  есімдері қайта тірілді. Мәселен, Кәрібоз Шектібаев атты аза­маттың Қара­ғанды қаласының тұңғыш басшысы міндетін атқарғаны былтырдан бері ғана мәлім болды. Оған  қызметі жоғарылау кезінде жал­ған жала тағылып, ату жазасына кесілгені туралы деректі жария еткен де осы кейіпкеріміз. Сол үшін Кузнецоваға Шектібаев ұр­пақ­тарының алғысы шексіз. Округ­тік прокурор Хамза Дәуі­тов­тің заңдылықты қорғап, әділ­дікті талап етуге тырысуы  баскесерлерге ұнамауы салдарынан өзі құрбан болуы жаңадан ашылған мағлұматтардың бірі. Қарлаг құр­сауында кәмелетке толмаған жа­сөс­пірімдердің де аз болма­ған­ды­ғын, атап айтқанда соғыс жылдарында 16 жасқа дейінгі 40 бала­ның, ал 18 жасқа толмаған 180 жеткіншектің ересектермен  бірге азап шеккенін анықтаған да  сол. Бір айта кететін жайт, сол жеткін­шектердің ішінде Ленин туралы деректі фильмдер түсірген Борис Гибердің, Ко­минтерннің мүшесі Александр Пятницкийдің балалары бол­ғаны да айғақталды. Бұл күнде қаламының басты тақырыбын зерттеп, тың мақа­ла­­­ларды жазуды жалғастырушы, қиын­нан қия қазған   әріптесіміз Екатерина Кузнецова  шығарма­шы­лық мақсатына берік. Айқын НЕСІПБАЙ,  «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ. Суретте: Е.Кузнецова мен  Ж.Бектұров.

 

Алтын басты  аналар көп қазақта Әрбірқазақәйелі – даналықмектебі, сұлулықсимволы. МысалүшінәкемЙамұхаммедтіңҮрәйла, Шоқандегенекіанасыжайлыайтқымкеледі. АтамӘділбекбелқұ