• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қараша, 2019

«Адалдық алаңы» Түпқарағанда тұсауын кесті

317 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің ғимаратында «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Түпқараған аудандық филиалы ашылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Филиалдың ашылу салтанатына аудан активтері жиналып, кеңсе лентасын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, «Маңғыстау – адалдық алаңының» кураторы Қ.Жұмашев және Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары С.Қаныбеков қиды.

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, тұрмыстық жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ендігі жерде түпқарағандықтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын назарға алып, аудан көлеміндегі жемқорлықтың деңгейін төмендетуге өз үлесін қосатын болады.

 

 

Маңғыстау облысы