«Егемен Қазақстан» газетінің 29 қарашадағы саны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке жасаған сапары аясындағы бірқатар кездесуімен басталды.
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні деп белгіленгені белгілі. Осы орайда Елбасының ерен еңбегі, азаматтық тұлғасы, болмыс-бітімі жайлы жан-жақты мақалалар да «Ел және Елбасы» бетінде жарық көрді. Дәлірек айтсақ, «Ұлт таңдауы жасалған күн», «Тәуелсіздік тұғыры», «Елбасы һәм елдік мұрат», «Естен кетпес сол бір сәт», «Ақ алмастың бір қыры» және тағы да басқалары бар.
Соның ішінде Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов «Ақ алмастың бір қыры» атты мақаласында Тәуелсіздіктің 28 жылдық жолындағы елеулі тарихи оқиғалар мен ірі жеңістердің бәрі де Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін баяндайды.
Және де саясаттағы салмақты, экономикадағы елеулі жаңалықтар мен сүбелі сұхбаттар да газеттің бүгінгі санында.
Қоғам, спорт, мәдениет жайлы маңызды мақалалар мен айтулы ақпараттарды оқығыңыз келсе, «Егемен Қазақстан» газетінің 29 қарашадағы санын немесе egemen.kz сайтын оқи жүріңіздер.