Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев «Жаңа қала» жобасында Алматы музейлерінің заманауи сипатта дамитынын атап өткен болатын. Негізі 2001 жылы қаланған Алматы музейі Жетісу өңірінің тарих-мәдени мұраларының барлық саласын қамтыған ірі ғылыми және мәдени орталық.
Музейде 35 мыңға тарта экспонаттар қойылған. Музей мәліметтеріне сүйенсек, олардың арасында – бейнелеу өнерінің шығармалары, қазақ этнографиясының бірегей жинағы, сондай-ақ қазірде Алматыда тұратын халықтар өкілдерінің этнографиясы, әртүрлі дәуірлер мен мәдениеттер тұрмыстық заттарының коллекциялары, нумизматика, фото және құжаттар бар. Музей құрамында мәдени және табиғи ландшафт сақталған «Боралдай сақ обалары» әулеттік патшаларды жерлеу кешені бар.
2015 жылы Алматы қаласы музейлері бірлестігі құрылды. Оның құрамына: Алматы музейі, Д.Қонаевтың музейі, Ықылас атындағы халықтық музыка аспаптары музейі, Н.Тілендиевтің музейі, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музейі, Дәстүрлі өнер мультимедиалық орталығы енді. Ежелгі және ортағасырлық залы.Алматы аумағындағы алғашқы қоныстар б.ж.с.д. XIV–XII ғасырлардың өзінде пайда болған. Ғасырлар бойы ұлыстық және саяси бірлестіктер ауысып жатты. Өңірдегі өмір сипаты бірде өшіп, енді бірде қайтадан жанданды.
Бөлімнің негізгі тақырыбы - Алматының үш мың жыл бұрынғы пайда болған шағын қоныстардан Ұлы Жібек жолындағы әкімшілік билік, қолөнер, сауда, мәдениет және идеология орталығына, ортағасырлық қалаға айналған урбанизация үдерісі.
ХІІІ ғасырдың соңындағы күміс шақалар – дирхемдер ХІІІ-XIV ғасырларда Қазақ хандығы құрылғанға дейін қала өмір сүргенін айғақтайды.
Қазақ мемлекеттігінің бастауында экспозициясыҚазақ хандығы қалыптасуы тұсындағы өңірдің тарихына, қазақтардың әскери өнеріне, қазақ этнографиясына арналған. Интерактивтік тақтада Қазақ хандығының картасы, қазақ билеушілерінің ата-тек шежіресі, ортағасырлық қолжазбалар мен шығармалар, дипломатиялық хат алмасу құжаттары көрсетіледі.
Қазақтардың ортағасырлық әскери өнері жайлы баяндайтын экспозиция қазақ жауынгерлерінің Қазақ хандығы қалыптасуы кезеңіндегі жауынгерлік құрал-саймандарымен таныстырады.
Қазақ халқының материалдық мәдениеті бөлімінде зергерлік өнердің бірегей үлгілері, Жетісу қазақтарының қолөнері мен шаруашылық салты туралы баяндайтын тұрмыстық заттар қойылған.
Интерактивтік тақтада дәстүрлі қазақ үй-жайының үлгілік сипаттамалары, дәстүрлері, салттары, ұлттық ойындары көрсетіледі
Экспозиция бай ақпараттық-иллюстрациялық материалдарды көрсететін мультимедиалық технологиялардың кең ауқымымен қанықтырылған.
Алматы тарихының Верный кезеңі экспозициясықаланың ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы дамуына арналған. Қызылағашшы-шеберлердің жиһаз өнеріндегі сирек үлгілері және ХІХ ғасырдағы күнделікті тамаша заттар сол дәуірдің қайталанбас ахуалын бейнелейді.
Экспозицияның орталық бөлігі Андрей Павлович Зенковқа бөлінген. Құжаттар, жеке заттары, бірегей техникалық жасалымдары көрнекті шебердің көпқырлы шығармашылығымен таныстырады – оның есімі өңірде жаңа ғылым - сейсмикалық берік құрылыс салудың түлеуімен байланысты.
Экспозициядағы бейнематериалдар қаланың жоспарлау құрылымын, Верный ғимараттарының сәулетіндегі стильдік әртүрлілікті, 1887 және 1911 жылдардағы жойқын жер сілкінісінің салдарын бейнелейді.
«Алматы ХХ ғасырда» залының экспозициялары Қазақстанның елордасы болған қаланың өміріндегі ең маңызды кезеңдермен: Түркісіб құрылысымен және елорданың көшуімен, саяси қуғын-сүргін; Ұлы Отан соғысы; ғылымның, мәдениеттің және кәсіби өнердің; альпинизмнің дамуымен таныстырады. «Түркісіб», «Қала тұрмысы», «Телевидение» инсталляциялары мен экспозициялық ансамбльдері мультимедиалық құралдармен хрон