• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қараша, 2019

Қазақ күресінен әлем чемпионаты Ақтөбеде өтеді

221 рет
көрсетілді

15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Осы бәсекелер барысында сегіз салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Айтулы жарыста 40-тан аса мемлекеттен келген балуандар қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында Франция, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Норвегия, Ресей, Иран, Ирландия, Украина, Чехия, Грузия, Эстония, Пәкістан,Үндістан, Словения, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдер бар.

 

Ақтөбедегі әлем чемпионаты Қазақстанның төл мерекесі – Тәуелсіздік күніне орайластырылып отыр. Сол себепті де жарыстың деңгейі аса жоғары болуына ұйымдастырушылар барынша күш салуда.