• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2019

Нан бағасы негізсіз қымбаттамайды

188 рет
көрсетілді

Аймақтардағы тұтыну тауарларының бағасы күрт көтеріліп, тұрғындар тарапынан наразылық тумауы үшін нақты шаралар қолға алынып жатыр. Әсіресе, нан бағасын тұрақтандыру үшін өңірлер алдына өткір талап қойылды.

Осы орайда, Алматы облысында қалыпты нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 6 мың тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алды. Бүгінде «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, аудан әкімдіктері жәненаубайханалар арасында ұн жеткізу жөнінде агенттік келісім жасалған.

Ал наубайханаларға арзан бағамен жөнелтілетін ұн жергілікті «АзияАгроФуд» кәсіпорнынан сатып алынуда. Зауыт Алматы облысында қалыпты нан бағасын тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларға үнемі қатысып келеді.

- Бүгінге дейін Алматы облысының аудандарының басым бөлігіне 500 тоннадан астам тонна ұн жібердік. Алдағы уақытта барлық наубайханалар жоғары сапалы ұнмен тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. Қазір Шамалған стансасынан Талдықорған қаласына, Алакөл және Қаратал аудандарына 4 вагон ұн жөнелтілуде, - дейді «АзияАгроФуд» АҚ басқарма төрағасы Саян Әшенов.

Өз кезегінде «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұн шығарушы кәсіпорыннан өнімнің килограммын 130 теңгеден сатып алуда. Ал наубайханалар үшін ұн бағасы 90 теңгеден белгіленді. Осылайша, мемлекет наубайханлар жұмсаған ұнның әрбір килограмм үшін 40 теңгеденсубсидия бөліп отыр.

- Бұндай баға наубайханалардың қалыпты нанның өзіндік құнын 80-85 теңгеден асырмауға мүмкіндік береді. Ұнға деген сұраныс өте жоғары.Бұл бағаның төмендігімен ғана емес, сапасымен де байланысты. Қазіргі уақытта корпорация, аудан әкімдіктері мен наубайханалар арасында ұн жеткізу туралы 38 келісім жасалды, - дейді «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі департаменттің директоры Бахтияр Сембеков.