• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Технология 03 Желтоқсан, 2019

Басты ресурс – бай адами капитал

275 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев IT қоғамдастығымен кездесуі барысында IT-кеңес құрылатынын мәлімдеді.

«IT-қоғамдастығымен кездесуде дамуға не кедергі болатыны, ол үшін қандай жағдайлар жа­­сау қажеттілігі, әкімдіктің жа­саушыларға қандай көмегі тиетіні  жә­не олардың қалаға қандай пай­да беретіні туралы ашық әң­гі­мелестік. Іскерлік кеңеске бала­ма ретінде осы және бас­қа мәселелерді шешу үшін ІТ-кеңесін құратын боламыз. Ай сайын кездесіп, бірлескен іс-қи­мылымызды үйлестіріп, так­тикалық және стратегиялық жос­парларымызды әзірлейміз. Ал­матыда ІТ-саласының басты ре­сурсы – бай адами капитал бар. Программистердің мектебін ашу жөніндегі бастаманы қолдаймыз. Жалпы инфрақұрылымды да­мы­­туға көмектесіп, барлық мүд­делі тараптарды тартып, ғылыми инс­­титуттар мен жоо-ның әле­у­е­­­­­тін пайдаланамыз.

«Біздің қаламыз осы саладағы әлемнің барынша инновациялы, ілгері дамыған қаласы болады және болуы тиіс. Бұл сауда ба­сымдылығы бар экономиканың құрылымын өзгертіп, мегаполис өмі­рінде ІТ-қоғамдастығының үле­сін кеңейтеді», дейді Алматы әкімі.

Содан бергі уақытта элек­трон­­ды коммерция, онлайн қыз­­меттер, білім беру, инвес­ти­ция салаларымен айналысатын цифр­­лы компаниялардың өкіл­дері сандық жүйенің одан әрі қалыптасуы туралы өздерінің көзқарастарын ұсынып жатыр. Телекоммуникация нарығына үлкен өзгерістер әкелген цифр­ландыру процесі бүгінгі күні әлемнің көптеген елінде жүзеге асырылу үстінде. Сол көшке қо­сылған Алматының цифрлы әлемі заманауи технологияларды денсаулық сақтау, білім беру, бизнес, қауіпсіздік және көлік сияқты салаларда енгізу азаматтарға еш кезексіз, ғаламтор арқылы мем­лекеттік қызметтерді пайдалануларына мүмкіндік береді деп күтіп отырмыз.

DC халықаралық зерттеу рей­­тингінде цифрландыру дең­гейі бойынша әлем қалалары ара­сында Алматы 25-орында тұрғанын мәлімдеген болатын. DC рейтингіне Орта Азия ел­дерінің қалалары бойынша енген алғаш және жалғыз қала – Алматы. Егер цифрландыру деңгейі бойынша Алматыны ТМД елдерінің қалаларымен са­лыс­тырсақ, біз үшін ең басты бәсе­келес Мәскеу екен. 2 млн тұр­ғыны бар Алматының 15 млн тұрғыны бар Мәскеумен бәсе­келесуі қиын. Бірақ тұрғын­да­рының ақпаратты технология­мен қам­тылу көрсеткіші тұрғысынан ке­лер болсақ, оңды нәтиже Алма­тыға бет бұрып тұр деп айтуға болады.

Халықаралық зерттеулер қо­рытындысы бойынша таяу арада әлемдік экономиканыӊ жаӊа тенденцияларға негізделетінін айтты. Дәстүрлі дүкендер қыз­метіне, қолма-қол ақшаға, өнді­ріс­тегі қол еӊбегіне сұраныс азаяды. Барлық сауда-саттық пен қызмет көрсету электронды түрде интернет арқылы жүзеге асады.

Ресей мен ТМД-дағы «Orange Business Services» бизнес-ше­шім­дер мен инновациялар депар­таментінің директоры Елена Крауш­кинаның айтуынша, Ал­маты IT-кеңесі дер кезінде құ­рылды. Енді оның мүмкіндігін биз­нес пен билік арасындағы дә­некерлікке жұмылдыру керек. 2019 жылдың үшінші тоқ­санының қорытындысы бойынша Ал­матыдағы заттар интернеті мо­билді байланыс нарығымен салыс­тырғанда 3,5 есеге көбейіпті.

«SAS Қазақстан» бизнес сарапшылар компаниясының директоры Андрей Суставовтың айтуын­ша, IoT – заттар интернетінің әлем­дік нарығынан өз үлесімізді алу­ға біздің де мүмкіндігіміз бар екен. 2018 жылдың қоры­тын­ды­сы бойынша Алматыда заттар интернеті мобилді байланыс нарығымен салыстырғанда 3,5 есеге көбейіпті. Қазір коммуни­ка­циялық құрылғыларда отыра­тын 5 миллиондай абонент бар. «Дәстүрлі тіркелген байланысты мобилді қондырғылар ығыс­тыра бастады. Бұл нарық біздің өмірі­мізге енді. IоT – заман ағымының маңызды жаңа бөлігіне айнала бас­тады», дейді Андрей Суставов.

Айта кетейік, заттар интернеті на­рығы ақпарат алмасуға мүм­кіндік беретін электроника­мен, интернетке шығу мүм­кінді­гі­мен жабдықталған физи­ка­­лық объек­тілердің желісі. «IoT» өндірістік технологиясы Қа­зақстанның өң­дей­тін және қайта өңдейтін сала­сына бейімделе бастайды деп үміт­тенеміз», дейді Андрей Суставов.

Қазақстан ДСҰ-ға кіргенде, Еура­зиялық одаққа мүше елдердің алдында кедендік баждардың тө­мендетілген мөлшерлемесі қол­данылатын тауарлардың қоз­ғалысын бақылау жүйесін құру міндеттемесін мойнына алған еді. Соның аясында «Виртуалды қойма» модулі 1 сәуірден бас­тап іске қосылды. Модуль салық төлеушінің қоймасындағы тауар­дың Қазақстанға әкелуден бастап, тұтынушыға өткізуге дейінгі тіз­­­бегін қадағалауға мүмкіндік бе­реді. Бұл Қазақстанда заттардың ин­тер­нет нарығын дамытуға ба­ғыт­­талған заңнамалық құжатт­ар­дың алғашқысы.

«2018 жылы Ресей IoT-ба­ғытқа 4 млрд АҚШ долларын аудар­ды. Бұл қаржыға ақпаратты технологияны сатып алу, қызмет көрсету және байланыс салаларын ақпаратты технология бағ­дарламаларымен қамтамасыз ету шығыны кіреді. 2019-2020 жылдары мемлекеттік сектор IoT секторына «ақылды қалалар» проблемасын шешу үшін инвестиция салуды жоспарлап отыр. IoT секторын жеке-дара дамыта алмаймыз. Нарықтың бұл сегменті әлемдік технологиялар нарығымен инте­грациялануымызға, технология тіз­бегіне тезірек қосылуымызға мүмкіндік береді», дейді Андрей Суставов.

Сарапшылар бізге IT нары­ғының қазіргі қалыптасқан құ­ры­лымын емес, оған қатысты көз­қарасты өзгерту қажет екенін айтады. Осылай болғанда экономиканы цифрлы жүйеге кө­шудің қарқыны күшейетін кө­рінеді. Осыған қатысты IT қауым­дастық президенті Нұрлан Исин бізбен әңгімесінде IT нары­ғы­ның интеграциясы деген термин пайда болатынын айтты. Же­кешелендіру нәтижесінде шет­е­лдік инвесторлардың қата­ры көбейді. Бізге олармен бәсе­келесуге тура келеді. Біз ақпа­раттық қауіпсіздігімізді өзіміз әзі­р­­­леген ақпараттық техно­логия­ның күшімен ғана қорғай аламыз.

Нұрлан Исиннің сөзінше, бар­лық саланы бірдей қамтып, озып шығу мүмкін емес. Сондықтан мүмкіндігімізге сай келетін, шамамыз көтеретін секторларға қар­жы салғанымыз дұрыс шығар. IT саласында бағыт-бағдар нақты­ланбай, консенсусқа жету мүмкін емес.

«Алматының IT мүмкіндігін Қазақстанның мүмкіндігінен бөліп қарауға болмайды. Сондықтан Алматының IT секторының мүм­кіндігі мемлекеттік деңгейде зерт­телуі керек. Бағыт пен бағ­дар зерттеу нәтижесі бойынша нақ­­тылануы керек. Алматы әкім­дігі жанынан құрылған IT-кеңе­сі осы мәселелерді тереңдеп зерт­­теуді қолға алуы тиіс. Бұл ба­ғыт-бағ­дарларды дұрыстап үйлес­ті­руге мүмкіндік береді», деп түйді ойын Нұрлан Исин.