• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2010

МИНИСТР МАҢҒЫСТАУДА БОЛДЫ

614 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Министр жұмыс сапарын облыстағы әлеуметтік нысандарды аралап көруден бастады. Олардың ішінде республикамызда алғаш рет құрылысы қолға алынып пай­да­лануға берілуі жақын оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығын аралап көрді. 200 оралман отбасын 5-6 ай мерзімге қабылдап, түрлі қызметтер көрсетілетін орталықта олардың уақытша қызмет жасау­лары үшін кәсіпкерлікпен де айна­лысуларына жағдай жасалмақшы. Министр сондай-ақ, оралмандарды жан-жақты қамқорлыққа бөлейтін “Нұрлы көш” өңірлік бағдарлама­сына сәйкес қанатқақты жобаның жүзеге асу барысы талқыланған кеңес жұмысына қатысты. Осы жобаға сай 2010-2011 жылдары 4010 отбасын жоғары және орта даму әлеуеті бар 5 ауданның 7 елді мекеніне орналастыру белгіленіп отыр. Жоламан БОШАЛАҚ. АҚТАУ.