• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Өзбекстанға 10 мың тонна битум экспорттады

156 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» 50% үлесі ұлттық компаниясына тиесілі «CASPI BITUM» БК ЖШС Өзбекстан Республикасына битумды экспорттай бастады. Қараша айындағы экспорттың көлемі 10 000 тоннаны құрады. Бұл туралы аталмыш компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Еске сала кетейік, жол битумының алғашқы экспорты Өзбекстанға 2017 жылы 650 тонна көлемінде жөнелтілген болатын. Енді ішкі нарықтың сұранысы толығымен өтелгеннен кейін, зауыттан өнімді экспортқа шығару тұрақты негізде жүргізілуде.

Бұрын кәсіпорын қысқы уақытқа жұмысын тоқтататын болса, қазір өнімге деген шетелдегі жоғары сұранысқа байланысты зауыт жыл бойына үздіксіз жұмыс істейді. Бұл битумның жоғары қосылған құнын ескергенде, кәсіпорын кірісіне едәуір ықпал етеді.