Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты шара Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Халқы ассамблеясымен бірлесіп өткізіп отыр. Шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, еліміздегі бірқатар елдің елшілері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депуттары, дипломатиялық миссия, ғылыми мекемелер мен білім ордаларының басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Басқосуда белгілі түркиялық публицист, профессор Куршад Зорлуның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігі мен лидерлік қырын терең зерделеген «Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы Даланың өрлеуі» атты кітабының тұсауы кесілді.