The Banker – халықаралық қаржы мен жаһандық нарықтық үрдістер туралы 1926 жылы Лондонда бекітілген іскерлік журнал. Баспа The Financial Times Ltd. компаниясына тиесілі. Редакция жыл сайын дүниежүзілік банктердің ТОП-100 рейтингісін құрып отырады, сондай-ақ 100-ден астам елдегі қаржы институттарына бірнеше санат, соның ішінде Bank of the Year Award санаты бойынша марапат ұсынады. АТФБанк The Banker британдық беделді басылымы бекіткен Bank of the Year Awards 2019 айтулы халықаралық сыйлығының аясында «Bank of the Year in Kazakhstan» (Қазақстандағы Жыл банкі) номинациясы бойынша марапатталды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2019 жылғы 28 қарашада Лондон қаласында өтті. Сыйлықты белгілейтін халықаралық сот алқасы АТФБанк командасының өзінің бөлшек бизнес пен ШОБ сегменттеріне негізделген стратегиялық даму векторының аясында 2018-2019 жылдары енгізген қаржылық көрсеткіштері мен бастамаларына жоғары баға берді.
ҚР Ұлттық Банкінің 2019 жылғы қараша айындағы ақпаратына сүйенсек, АТФБанк нарықтағы үлесі тиісінше 5,2%, 6,8% және 6,8% болатын активтерінің көлемі жағынан 6-шы орын, сонымен бірге кредиттік портфелінің көлемі жағынан 5-ші және депозитік портфелінің көлемі бойынша 6-шы орын алады.
Осы күзде ғана негізгі қызметі бойынша тұрақты көрсеткіштері және бөлшек бизнес пен ШОБ-қа негізделген ұзақмерзімді даму стратегиясы үшін S&P Global Ratings халықаралық агенттігі АТФБанктің рейтингілерін «Тұрақты» болжамы бойынша «B-/B» деңгейінде белгілеген. Содан кейін Moody’s Investors Service сияқты тағы бір ірі халықаралық агенттік АТФБанктің бірден алты рейтингісін көтерген болатын.
«АТФБанк» активтерінің саны жөнінен Қазақстан Республикасындағы ірі банктердің бірі болып табылады. Банктің негізгі акционері - 99,76% құрайтын акциялар пакетіне ие «KNG Finance» ЖШС. 20 жылдық тарихы мен қазақстандық әрі шетелдік құрылымдармен ынтымақтастық қарым-қатынастарындағы мол тәжірибесі Банкке банк қызметтері нарығынан сенімді әрі беделді орын алуға мүмкіндік берді.
АЛМАТЫ