• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2019

Ақтауда колледж студенттері Президент күнін атап өтті

341 рет
көрсетілді

Маңғыстау энергетикалық колледжінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президенті күніне орай ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Ассамблея хатшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш іс-шараға әртүрлі этнос балаларынан құралған АиУ-1/17 тобының студенттері, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Маденова Раиса, Дағыстан этномәдени бірлестігінің төрағасы Юсуф Шахшаев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Даулет Тулемисов қатысты. Ашық сабақ Мемлекеттік Гимнімен басталды. Этнос жастары Елбасының өмірі, еңбек жолы туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, осындай тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқандары үшін Елбасына алғыстарын білдірді.

- Мен Қазақстанда туып-өстім. Достарымның ішінде әртүрлі ұлт өкілдері бар. Біз бір-бірімізді құрметтейміз, сыйлаймыз, ең бірінші орынға бірлік, достық, ынтымақтастық ұғымдарын қоямыз. Қазақ тілі мен үшін ана тілім болып саналады және мемлекеттік тілге құрметпен қараймын. Осындай тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқаным үшін қазақ еліне, Елбасы Н.Назарбаевқа алғысымды білдіремін,- деді Алиев Абдулкерим.

Ашық сабақ барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президенттің саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген еңбегін таныстыру, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында көрме ұйымдастырылды.

 

 

Маңғыстау облысы