• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2019

Балалар үйінің тәрбиеленушілері аспаздықты меңгерді

230 рет
көрсетілді

Біздің қоғам дәл қасымызда ата-аналарының аялы алақаны мен тәрбиесін көре алмай өсіп келе жатқан буынның да бары екенін ұмытпауға ұмтылып келеді. Бір қуанарлығы, бүгінгі таңда осы бағыттағы бастамалар легі көбейді. Мәселен, Qaganat желісінің бренд-шефі балалар үйі мен мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушыларын кәсіпқойлықпен дәмді ас дайындауға үйретті.

Осылайша, Qaganat қоғамдық тамақтану желісі мен «Аяла» қайырымдылық қоры аспаздық шеберліктің екі айлық курсын аяқтап, Алматы облыстық №1 балалар үйі мен облыстық №15 мектеп-интернатын өмірге құлшындырған сәттерге бөледі.

- «Аяла» қорымен бірге балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың оқушыларын аспаздық өнерге баулу жобасына қатысқанымызға өте қуаныштымын. «Аяла» қоры – біздің байырғы серіктесіміз, сондықтан оның сараптамаларына сенемін. Егер біздің бағдарламаның түлектері кәсіпқой маман атанып, қоғамдық тамақтану саласында еңбек ететін болса, мен бақытты болар едім», – дейді «Qagаnat» желісінің бас директоры Чинара Бугимбаева.

Міне, осылайша бренд-шеф Марат Галеев 9-11 сынып оқушылары үшін 8 аспаздық дәрісін өткізді. Шеф-аспаздың шеберлік дәрістері балалар үшін 2,5-3 сағат бойы қызықты және түсінікті болып өтті. Марат Галеев аспаздық курстарда балалар аса қиындықсыз өз бетінше дайындай алатын тағамдарды таңдаған. Әрине, жасөспірімдер ұстаздың жетекшілігімен өздері жақсы көретін тағамдарды қоса әзірлеуді үйреніп отыр.

Аспаздық дәрістер мәреге жеткен кезде №15 мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушылары БАҚ өкілдерімен, «Аяла» қорының қызметкерлерімен және Марат Галеевпен бірге фуршет тағамдарын дайындады. Балалар үшін бұл да үлкен тәжірибе болды. Әдеттегідей бренд-шеф дәмді әрі пайдалы тамақтың дұрыс және тез әзірленуін көрсетіп қана қоймай, фуршеттік мәзірдің қыр-сырын үйретті. Мастер-класс аяқталғаннан кейін балалар аспаздық курстарын аяқтағаны туралы сертификаттар алды.

Осы бастаманың арқасында Алматы облыстық балалар үйі мен мектеп-интернаттың бірнеше жасөспірімі болашақта кәсіби аспаз болуды және осы бағытта білім алуды жалғастыруға шешім қабылдапты. Жоба аяқталғаннан кейін Qaganat облыстық балалар үйінің екі баласын білімін жетілдіруге көмектесуге дайын екендігін білдірді.  

«Аяла» қоры «Кәсіби бағдарлау» жобасын 6 жыл бойы іске асырып келеді. «Біз балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларына болашақта нақты қандай кәсіп иесі болғысын келетінін түсінуге көмектесеміз. Сондықтан олар үшін ұйымдастырылатын курстар мен сабақтар тәжірибе жүзіндегі дағды арқылы болашақ жұмысын түсінуге бағытталған», – деді «Аяла» қорының президенті Айдан Сүлейменова.

 

 

АЛМАТЫ