Қазақстандық балалар Испанияның атақты «Реал Мадрид» футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, «Сантьяго Бернабеу» стадионын тамашалауға мүмкіндік алды.
Қыркүйек айында Алматыда «Бауыржан» қайырымдылық қоры балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан дәстүрлі «Арманыңа жақында» атты турнир ұйымдастырды. Еліміздің әр аймағынан 12 команда қатысқан доп додасында Тараз қаласының жетім балалар үйінің жеткіншектері топ жарып, Испанияның бас шаһары – Мадрид қаласына саяхаттауға жолдама ұтып алған болатын. Жуырда командадағы сегіз кішкентай футболшы атақты «Реал» клубының футболшыларымен кездесіп, «Сантьяго Бернабеу» стадионын аралауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ олар Испания патшасының сарайына және Мадридтегі ойын-сауық саябағында көңілді уақыт өткізді.
Сонымен қатар тараздық спортшылар клубтың барлық марапаттары жинағын «Реал Мадрид» командасының мұражайына барды. Алтын бутса, әйгілі кубоктар мен трофейлер, тарихта қалған футболшылар киімдері – балалар үйінің тәрбиеленушілерінің көрген экспонаттардың кішкентай ғана бөлігі болды. Балалардың ендігі мақсаты – әйгілі стадионында жұлдызды матч ойнап, болашақта кәсіби футболшы атану.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 40-тан астам балалар үйі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталығы жұмыс істейді. Осындай балалар үйінің әрқайсысында қолдауға мұқтаж көптеген таланты, дарынды жетім балаларды кездестіруге болады. Өз кезегінде «Бауыржан» қайырымдылық қоры, балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында спортты қолдау мен дамытуға басты назар аударады.
Бұған дейін жеңімпаз атанған 64 тәрбиеленуші «Барселона», «Милан», «Бавария» «Атлетико Мадрид», «Челси», «ПСЖ» клубтарына барып, Месси, Роббен, Торрес, Неймар сияқты футбол әлемінің жұлдыздарымен кездескен.