• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Бизнес 05 Желтоқсан, 2019

«Сәтті жұлдыздың» Lotomatic жобасы нәтижесінде 2 миллиард теңге көлеңкелі бизнестен шығарылды

524 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда электронды лездік лотереялар – сұр нарыққа жаңа балама. «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның Lotomatic жобасы арқылы бүкіл ел бойынша заңсыз ойын автоматтарының саны едәуір қысқарып келеді, ал бес айда 2 миллиард теңгеден астам қаражат көлеңкелі айналымнан шығарылды.

«Сәтті Жұлдыз» компаниясының жаңа Lotomatic электронды лездік лотереялары ел арасында «сары-жасыл» деп аталатын заңсыз ойын автоматтарын ығыстыруда.

Ағымдағы жылдың 10 айында мың­нан астам заңсыз ойын автоматы тәр­­кі­ленді, оның көпшілігі Алматы, Шым­­кент қалаларында, сондай-ақ Алма­ты мен Ақтөбе облыстарында орналасқан.

Атап айтқанда, құқық қорғау орган­­дары­ның жұмысының нәти­жесінде үш ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Жалпы алғанда, 2019 жылы СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша 303 материал тіркелді.

«Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның Lotomatic жобасы осы жылдың мамыр айында іске қосылды. Лотерея билеттерін сату, ұтыстарды төлеу туралы ақпарат ЛАӨО-да (лотерея ақпаратын өңдеу орта­лығы) көрсетіледі, ал сол жерден Лотерея туралы есеп беру орталы­ғына жіберіледі. Барлық деректер мем­лекеттік реттеуші – Мәдениет және спорт министрлігіне жіберіледі. Мін­детті салықтардан басқа, «Сәтті Жұл­дыз» ұлттық лотерея операторы жалпы ойын кірісінің 15%-ын отандық спорт­ты дамытуға аударатынын атап өткен жөн.

Lotomatic-тың жұмыс істеу қағи­дасы өте қарапайым: қатысушы қағаз билеттің орнына электронды лездік лотереяны сатып алады да, қорғаныш қабатын өшіреді. Дәстүрлі лотерея­дан айыр­машылығы – автоматтың экра­нындағы қабатты өшіру керек.

Заңсыз терминалдардың бизнесін көлең­кеден шығару бағытында жасал­ған іс-шараларға қарамастан, кей кәсіп­керлер «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның түпнұсқалық лотерея терминалдары­ның жалған көшірмесін жасай бас­тады.

Жалған терминалдың қармағына түспеу үшін келесі белгілердің болуы­на назар аудару керек: дүңгіршектің сары-көк түсі, логотип, терминалдың сәйкестендіру нөмірі, QR-код.

Lotomatic-тің бас директоры Виктор Кузевановтың айтуынша, электронды лотереялар жаһандық үрдіс болып табылады.

Лотереяларды қағаздан электронды форматқа ауыстыру тиражды жасауға, өндіруге, жүзеге асыруға, логистикаға, яғни лотерея дүңгіршектеріне билет­тер­ді тасымалдауға жұмсалатын опера­ция­лық шығындарды азайтады және осылайша жүлде қорын көбейтеді.

«Ойнау» элементтерінің және әдеттегі «казинолық» алгоритмдер мен құмарлықтың жоқ болуына қара­мастан, лездік лотереялар адам­дарға қызықты. Яғни, лотерея сатып алған адам лотерея компания­сының нәтижеге: сатып алынған билет сәтті бола ма, жоқ па әсер ете алмай­тын­дығын түсінеді.

Алайда, сонымен бірге Қазақ­станда электронды лотерея құру тек әлемдік тенденцияны ұстану ғана емес екен­дігі белгілі. Электронды лотерея­лардың заңды нарығының әлеуеті өте зор, бірақ қазіргі уақыт­та бұл көбінесе көлеңкелі нарық­та орналасқан. Мамандардың баға­лауы бойынша, 2018 жылдың 1 қаң­тарындағы жағдай бойынша Қазақ­станда 15 мыңға жуық заңсыз ойын автоматтары жұмыс істеген.

«Іс жүзінде казинодан еш айыр­­ма­шылығы жоқ 400-ге жуық ойын клубтары болды. Осылайша, мемлекетіміз кез келген адам жақын маңда осындай ойын түрлерін сатып ала алатын үлкен казиноға айналды», дейді Виктор Кузеванов.

Оның айтуынша, қазір құқық қорғау органдарының нақты жұмы­сы­ның нәтижесінде жағдай біршама жақсарды. Сондай-ақ ол ойын авто­мат­тарының иелері заңды лотерея өніміне көшуге да­йын екенін айтты. Осылайша, 3,5 мың­нан астам терминал жабдығы заң­сыз айналымнан Lotomatic-ке ауысты.

Lotomatic электронды лездік лотереялары «Сәтті Жұлдыз» АҚ-тың бар­лық лотереялық өнімі сияқты «Жауап­ты ойын» қағидасы бойынша ұйым­дастырылғанын атап өткен жөн.