• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Желтоқсан, 2019

Интеллектуалды бейнебақылау енді шетел автокөліктерін де бақылай алады

389 рет
көрсетілді

Бейнебақылаудың интеллектуалдық жүйелері Петропавлда жаңа режімде жұмыс істей бастады. Енді олар шетелдік нөмір таққан автокөлік жүргізушілері жасаған бұзушылықтарды да тіркей алады. 

Бұл - «Ақылды» бейнебақылау жүйесі жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді. Ол бұзушылықтарды алдын алудың тиімді құралы, алайда аталған жүйе осы күнге дейін Қазақстан аумағында шетелдік нөмір таққан көлік жүргізушілеріне айыппұл «салуға» мүмкіндігі болмады. Шетелдік нөмірдегі автокөлік жүргізушілерінің кейбірі интеллектуалдық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған көше қиылыстарында бұзушылық жасаса да, жазаланбайтындарына еттері үйреніп кеткен.

Соған қарсы Солтүстік Қазақстан полицейлері «Resolution Generator» бағдарламалық кешенін орнатты. Ол шетелдік нөмірлерді де танып, көлік құралының тиістілігі туралы мәліметтерді алуға мүмкін болатын түрлі мемлекеттік органдардың деректер базасымен әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесін біріктіруге мүмкіндік береді. Шетелдік нөмірлерді тексеру енді сақтандыру полисі бойынша автоматты жүргізілетін болады.

«Бұл шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілері ескеретін маңызды жағдай болып табылады, - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. — Айыппұл туралы хабарлама сақтандырушының атына жолданатын болады».

Петропавл қаласында интеллектуалдық бейнежүйелер Жамбыл-Мүсірепов, Жұмабаев-Сүтішев, Назарбаев-Абай және Интернациональ-Астана көшелерінің қиылысында орналасқан. Алғашқы екеуі жылдамдықты арттыру мен бағдаршамның тыйым салынған қызыл сигналына өтуді, ал өзге екеуі – тыйым салынған сигнал мен тоқта сызығынан өтіп кетуді тіркейді. Жыл басынан олар 2 мыңнан астам ЖЖЕ бұзушылықтарын тіркеген.

 

ПЕТРОПАВЛ