• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Желтоқсан, 2019

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

276 рет
көрсетілді

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

6 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында 6 желтоқсан - күндіз, 7 желтоқсан - тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23-28 м/с, екпіні - 30 м/с жетіп, одан асады.

6 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады. 6 желтоқсанда Көкшетау қаласында кей уақытта бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-20, 23 м/с. 7 желтоқсанда түнде және таңертең оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 6 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, 23-28 м/с жетеді.

6 желтоқсан күндіз Қостанай қаласында бұрқасын көтеріледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

6 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің күші екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде температура күрт төмендеп, 3 градус аяз болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында 6 желтоқсан - күндіз, 7 желтоқсан - тәулік бойы, сондай-ақ Павлодар облысында 7 желтоқсан - тәулік бойы, 8 желтоқсан – түнде оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Желдің күші - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23-28, 30 м/с болады және одан асады.

6 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын күтіледі.

6-7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 6 желтоқсан - күндіз, 7 желтоқсан - тәулік бойы жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 6 желтоқсан - күндіз, 7 желтоқсан - тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, 30 м/с жетіп, одан асады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

6 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. 6 желтоқсанда Петропавл қаласында қар жауып, бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні күндіз секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

6 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 18 м/с. 6 желтоқсан Ақтөбе қаласында кей уақытта бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 16 м/с.