• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Желтоқсан, 2019

Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады

172 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда киокушинкай каратеден ерлер мен әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша Әлем Чемпионаты басталады. Шараға орай Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының бас хатшысы Аманқұлов Фархат, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы бас директоры Абат Имамбаев, KWU бас хатшысы Александр Пичкунов, IV-ші Әлем Чемпионатының бас директоры Сергей Суворов, KWU  бас продюсері Игорь Петрухиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Фархат Әменұлының айтуынша, Әлем чемпионатына дайындық тыңғылықты жүргізілген. 

«Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы аталған турнирдің бас ұйымдастырушысы. Мамыр айында киокушинкай каратеден Қазақстанның біріккен Чемпионаты өткен болатын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлттық құрамаға кірді, дәл сол жігіттер ел намысын Әлем чемпионатында қорғайтын болады. Біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасап жатырмыз. Әлем чемпионаты  15 салмақ дәрежесі бойынша өтеді, ерлерде тоғыз (60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95 және 95 кг жоғары) және алты салмақта әйелдер  (50, 55, 60, 65, 70 и свыше 70). Жалпы әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысады»,- деді Фархат Әменұлы.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы және  Kyokushin World Union халықаралық Ассоциациясы. Әлем Чемпионаты Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтанқаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Сонымен қатар, KWUбас хатшысы ҚР Ұлттық құрамасының басты қарсыластарын атап өтті.   

«Әлем Чемпионатына дүниежүзінің ең мықты каратешілері іріктелінді. Егер отандық спортшыларға кім қарсы тұрады десек, онда Иран, Ресей, Болгария мен Жапонияның спортшыларын атар едім. Татами ең мықтыны анықтайтыны анық»,- деді Александр Пичкунов.   

Әлемнің 60-тан астам мемлекетінде іріктеу жыл бойына жүрді. Соның негізінде Ұлттық құрама мүшелері іріктелінді.