Ұлттық спорттың бұл түрі спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап етеді. Ruh.kz (Рухани жаңғыру порталы) инфогрфика түрінде ұсынып отырған спорт түрі бүгінде жастар арасында насихаттауды қажет етеді.
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатыса алады.
Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады.
Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Салмақтық категорияны енгізудің мақсаты – қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Жарыс ережеге сәйкес 60, 70, 80, 90, + 90 кг салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі.
АЛМАТЫ