• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Желтоқсан, 2019

Армениямен ынтымақтастық дамиды

285 рет
көрсетілді

Парламент Сенатында депутаттар Әлімжан Құртаев, Михаил Бортник, Ерік Сұлтанов және Арменияның Қазақстандағы елшісі Гагик Галачянның кездесуі болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Жүздесуде екіжақты қаты­нас­тарды дамытудың, атап айтқанда көлік-логис­ти­ка бағдары мен кәсіп­кер­лік қызметті жүргізу­дің мүм­­кіндіктерін кеңейтуге қатыс­ты ауқымды мәселелер қаралды.

Қазақстаннан Армения­ға ба­ғалы металдарды уа­қыт­­ша әкетуді заңнамалық рет­теу тақы­рыбы бөлек қаралды.

Тараптар сондай-ақ 2020 жы­­л­­ға жоспарланған Қазақстан – Армения, биз­­нес-фо­ру­мын өткізу мәселесін де талқылады.

Кездесу қорытындысы бо­йын­­ша талқыланған мәселе­лерге талдау жүр­гізу және ұсы­ныс­­тар әзірлеу жөнін­дегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Пар­­­ламенті Сенатының Төр­аға­сы Дариға Назарбаева 14 қара­ша­да Арменияға ресми сапармен бар­ған болатын, онда Қазақстан мен Арменияның экономика­лық жә­не гуманитарлық сала­лардағы қа­ты­настарын одан әрі кеңейту мә­селелері тал­қы­ланды.