• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2019

Қостанайда журналистерге арналған семинар-тренинг өтті

190 рет
көрсетілді

Жас журналистер  бүгінде өзінің шеберлігін арттыруға ықпал ететін семинар-тренингтерді іздеп жүреді. Оларды сондай қажетті ақпараттармен және шеберлік мектебінің тамаша тәжірибесімен байытқан «Мультимедиялық журналистика: сапалы контент дайындау мәселелері» атты семинар-тренинг Қостанай қаласында өтті.

(ERG) Еруазиялық топқа қарасты (ERG Көмек) корпоративтік қорының өңірлік журналистиканы дамытуға бағытталған шарасына жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарынан 20-дан аса журналист қатысты.

Оларға қазақ журналистикасындағы белді тұлғаға айналған Қайнар Олжай, Мейрамхан Жәпек, Ербол Азанбек, Ержан Қалымбай секілді медиатренерлер мультимедиялық журналистика, іскерлік журналистика және шеберлік, сауатты жазу жөнінде қызықты сабақтар өткізді. Бүгінгі қазақ тілді журналистикадағы ең өзекті тақырыптардың бірі – сапалы контент жасаудың қыр-сырын үйретті.

«Бірнеше жыл журналистика саласында жүрсек-дағы білгенімізден білмейтініміз жетерлік. Осы орайда семинар-тренингтің бергені көп болды» дейді журналистер бірауыздан.

Олар медиа-тренерлердің алдағы уақытта құқық, экономика және өзге тақырыптарға семинар-тренингтер өткізуіне ұсыныстар жасады.