• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Желтоқсан, 2019

10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні

904 рет
көрсетілді

Бүгін Елбасының жарлығымен Сарыарқа төсіндегі Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданғаннан бері 22 жыл өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Елорданы ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылданды.

Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Ал 1995 жылы 15 қыркүйекте Н.Ә Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы туралы»  жарлыққа қол қойды. Бұл құжатта Ақмола қаласына Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құруға тапсырма берілді.

Араға екі жыл салып, 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланды.

1998 жылы 6 мамырда көптеген талқылаулар мен талдаулардан кейін, ел басшылығы қаланың атауын қазақша «астана» деген мағынаны беретін Астана етіп өзгерту туралы шешім қабылдады.

Ал 2019 жылы 23 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананы Нұр-Сұлтан етіп қайта атау туралы Жарлығы шықты.

Елорданы ауыстыру туралы тарихи шешім Қазақстанның қайта түлеуіне серпін беріп, үлкен өзгерістерге жол ашты. Осы жылдар ішінде бұрынғы Ақмола, Астана және қазіргі Нұр-Сұлтан айтарлықтар өзгерді.  Бүгінде бас қаламыз барша жұртымыздың ынтымақ-бірлігінің символына айналды және өзге елдермен  терезесі тең келешегі кемел  қалалар қатарына қосылды», делінген хабарламада.