• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Желтоқсан, 2019

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты

473 рет
көрсетілді

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі ағымдағы жылғы қараша айында тарихта алғаш рет 1 трлн теңгеден асты.

Өңдеу өнеркәсібінің ФКИ (физикалық көлем индексі) былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2019 жылғы қарашада 108,5% құрады. Өсу металлургиялық өнеркәсіп, машина жасау, химия және фармацевтикалық өнеркәсіп секторлары есебінен болды.

Металлургиялық өнеркәсіптегі өсу әлемдік нарықта өнімге сұраныстың өсуіне және тиісінше «Қазақмыс» ЖШС (тазартылған мыс өндірісі), «УК ТМК» АҚ (кеуекті титан және титан қорытпасы өндірісі) сияқты кәсіпорындарда өнім өндірісінің ұлғаюымен негізделеді. Сондай-ақ «Варваринское» АҚ-да «Доре» алтын қорытпасы өндірісінің өсуі байқалады.

Химия саласындағы жоғары көрсеткіштер «ҚазФосфат» ЖШС-да сары фосфор мен фосфорлы тыңайтқыш өндірісінің ұлғаюына байланысты. Машина жасаудағы өсу әсіресе жеңіл және жүк автомобильдерін, а/ш техникасын жинау және металл өңдеуге арналған жабдық өндірісі есебінен болды. Фармацевтикалық өнім өндірісі көлемінің ұлғаюы «Химфарм» АҚ кәсіпорнында антибиотик өндірісінің өсуіне байланысты. 

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілетін өнім өндірісінің едәуір өсуі негізінен өндіріс көлемінің ұлғаюына және ішкі, сыртқы нарықтарда сұранысқа ие тауарлар номенклатурасының кеңеюіне, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі салаларының белсенді технологиялық дамуы мен цифрландырылуына байланысты.