Нұр-Сұлтанда 16-17 желтоқсан күндері қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай келесі бағдарлардың жұмыс тәртібі күшейтіледі:
16 желтоқсан күні - №2, 8, 9, 10, 12, 18, 19, 33, 40, 51, 71, 302, 303.
17 желтоқсан күні - №9, 10, 12, 18, 40, 51, 302, 303.
Ал Орталық кассаның мереке күндеріндегі жұмыс кестесі төмендегідей:
15, 16 және 17 желтоқсан күндері Қошқарбаев көшесі 50/1 бойынша касса жұмыс істемейді. Қалған кассалар әдеттегідей жұмыс істейді.
Сондай-ақ қала тұрғындарын көлік карталарын RTVM-автоматтарда, 8 төлем терминалдарында, одан бөлек жылдам толтыру пункттерінде толтыра алады.
Барлық өзгерістер туралы Астана LRT сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан білуге болады.