• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2019

2025 жылға дейін Маңғыстауда 40 инвестициялық жоба жүзеге асады

367 рет
көрсетілді

2019-2025 жылдары 166 трлн теңгеге 40-тан астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазір инвесторлармен түрлі деңгейдегі келіссөздер жүріп, келісімдер жасалуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметі хабарлады.

Биыл инвестициялық жобалардың оншақтысы іске қосылды. Соның бірі - Ақтаудағы гидрооқшаулағыш материалдарды шығаратын зауыт. Мұндай кәсіпорын қазақстанда алғаш рет ашылып отыр. Битум қоспасымен жасалған өнім құрылыстың барлық саласына, көпір салуға, ғимараттың іргетасы мен шатырын жабуға дейін қолданылады.

Биыл ақпан айында іске қосылған кәсіпорын 9 айдың ішінде 1 мың тоннадан астам өнім шығарған. Оның 65 проценті ел ішіне, 35 проценті өзге елдерге экспортталды. Зауыт директоры Дениз Эроглудың айтуынша, биыл өнім Әзірбайжан, Ресей мен Германияға экспортталған. 2020 жылы Италия, Тәжікстан, Түркменстан мен Түркияға жіберу көзделіп отыр. Келісім-шарт жасалыпты. Германия компаниясы бұл жобаны жүзеге асыруға 250 миллион теңге жұмсаған. Мұнда 25 жергілікті тұрғын еңбек етуде. Барлығы да Түркияда қайта даярлықтан өтіп, жаңа технологияны меңгерген.

Қазір «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 29 жоба жүзеге асуда. Оның 18-і іске қосылып, түрлі өнім өндіруге кіріскен. Тағы 11 зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Арнайы экономикалық аймағында инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған.