• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2019

Маттео МАЦЦОНЕ: «Мен Алматы ұлттың мәдени астанасы екендігі жайлы жиі естуші едім»

339 рет
көрсетілді

Дәл осы сәттерде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында көптен күткен 86 маусымның жаңа премьерасы басталды.

Гаэтано Доницеттидің ең танымал туындыларының бірі «Дон Паскуале» операсын 1955 жылдан кейін қазақ сахнасында итальяндық режиссер, сценограф, костюмдер бойынша дизайнер Маттео Маццоне сахналап отыр.  

Осы арада оқырман үшін де, көрерменге де қызықты деректерді айта кетуге болады. «Дон Паскуале» Доницеттидің ең соңғы операсы деп есептелінеді. Шындығына келсек, Гаэтано Доницетти аталмыш операдан кейін де үш бірдей опера жазған. Алайда, ол қойылымдардың барлығы да қазір сахнада жоқ. Сондықтан да «Дон Паскуале» Доницеттидің соңғы шығармасы деп есептелінеді. «Дон Паскуале» танымалдылығы жағынан – Доницеттидің «Махаббат сусыны» мен «Лючии ди Ламмермур» туындыларынан кейінгі орында тұр.

Бүгінгі таңда «Дон Паскуале» әлемдегі ең танымал итальяндық жиырма операның біреуі және жыл сайын 150 елдің театрында қойылады.

«Дон Паскуале» маған Алматы қаласымен және оның тамаша театрымен танысуға мүмкіндік туғызды. Менің бұрын да Қазақстанға жолым түскен болатын. Ал Алматы және ол осындағы бүкіл ұлттың мәдени астанасы екендігі жайлы жиі естуші едім. Қазір Алматының неге олай есептелінетінін білемін де, түсінемін де... Мен ғажайып таланттардың, космополит адамдардың ортасына тап болдым. Және бұлар өздерінің мәдени болмысы мен ежелден келе жатқан дәстүрлерін де сақтап қалған. Бұл театрдағы жұмысым мен үшін нағыз аса тартымды тәжірибе болды. Мәселен, бұл жерде суретші өзін еркіндікпен толыққанды көрсете алады. Және ол өзін еститінін біледі және түсінеді», дейді итальяндық режиссер, сценограф, костюмдер бойынша дизайнер Маттео Маццоне.

Талантты итальяндық режиссердің артықшылығы сонда, ол сахналық костюмдердің қыр-сырын меңгерген маман ғана емес, актерлік шеберлік бойынша мықты ұстаз. Ал бұл біздің қазақтың опера әншілеріне италян тілінде сахнаға шыққан «үш бөлімді драма-буффаны» нәшіне келтіріп орындауға ғана емес, актерлық тұрғыда да шеберліктерін шыңдай түсуге септесіп отыр.