• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Президент 13 Желтоқсан, 2019

Президент пен Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды

257 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті. Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті.