Ш.Есенов атындағы КМТИУ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаменті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, университеттің «Бизнес және құқық» факультеті, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Г.Қ.Ізтұрғанованың ұйымдастыруымен «Заңгер» мамандығы бойынша 2-курс білім алушыларына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген бұл семинар-тренингте студенттер топтық жұмыс жасады.
Осы шараға қатысқан департаменттің Алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Х.О.Куспанова қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызын түсіндірді.
Қатысушылар жемқорлық салдарымен күресу жолдары мен қоғамды осы істе қатыстыру маңыздығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Өзара талқыланған тақырып бойынша шешімдерін заң тұрғысында қарастыру, мәселенің шешімі туралы өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында топ студенттері 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылап, TRANSPARENCY INTERNATIONAL халықаралық рейтингіндегі Қазақстанның позициясы бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істердің 2017-2019 жылдар аралығындағы салыстырмалы статистикалық мәліметтерімен танысып, Ханшайым Оралбайқызынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтарына жауаптарын алды.
Маңғыстау облысы