• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2019

Алматы қаласында бірінші Томосинтез орталығы ашылды

371 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы қаласында алғашқы томосинтез орталығы ашылды. Жапониядан жеткен озық дигностикалық аппарат – денсаулық саласындағы жағымды оқиға ғана емес, Алматының айналасындағы бүкіл оңтүстің өңірлердің тұрғындарына жасалған үлкен сый деп те айтуға болады.

Бұл жоба ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен (ҚазОжРҒЗИ)  бірлесіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) шеңберінде жүзеге асырылады.

Divera томосинтез жаңа орталығы ең заманауи Fujifilm Amulet Innovality аппаратымен жабдықталған және қазіргі уақытта Алматы қаласында жалғыз томосинтез болып табылады. Орталықты құру және оны жабдықтау толығымен жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылды. 

«Томосинтез – сүт безі обырын диагностикалаудың инновациялық әдісі. Қалыпты 2D-маммографиядан айырмашылығы, томосинтез әр түрлі бұрыштағы жұқа қабатты суреттердің қатарын шығарады, бұл сүт безі обырын ерте бастан аса дәлдікпен анықтауға және пациенттердің өмірін сақтауға мүмкіндік береді», – дейді «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы, медицина ғылымының докторы Диляра Қайдарова.

– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің компания Алматыдағы Онкология орталығымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үлкен жоба бастады. Бұл жобаға біз инвестор ретінде 140 миллион теңге қаражат жұмсадық. Басты мақсат – сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтап, дер кезінде, асқындымай ем жүргізу. Өздеріңізге белгілі, елімізде сүт безі обыры әйелдер арасында бірінші орында тұр.

Бұл аппараттың маммографиядан үлкен артықшылығы – 1 мм өлшемде, яғни милиметрлеп сүт безі обырын анықтайды. Және томосинтезге түсіріп жатқан кезде биопсияны да қоса жүргізе аламыз. Бұрын маммограф сүт безі обырының белгілері болса науқастың бұлшық етін алу үшін емханаларға, хирургке жіберетін. Енді қазір қажет болған жағдайда диагностикамен қоса биопсия да қоса жасалады.

Ең бастысы, томосинтез – онкология саласындағы ең замануи технология. Біздің елімізде 2017 жылы бұл аппарат Нұр-сұлтан қаласына әкелінген. 1,5 жылдан кейін екінші аппарат Алматы қаласына келді. Өйткені, Алматы қаласы мен облысында халық көп. Және б ұл аппараттың бір артықшылығы – «Цифрлы Қазақстан» жобасын да алға жылжытады. Томосинтез суреттерін электрондық почта арқылы кез келген жаққа, онколог-дәрігерлердің қарауына жібере беруге болады, – дейді «Olymp Medical Group» ЖШС бас директоры Ержан Сүлейменов.

Томосинтездің көмегімен сүт безі обырын диагностикалау әдістері Еуропада, АҚШ-та, Кореяда және Жапонияда табысты қолданылады.

Сүт безі обыры – әлемде ең кең тараған қатерлі ауру және әйелдер арасындағы өлім-жітімнің басты себепшісі болып отыр. Қазақстанда сүт безі обыры әйелдердің онкологиялық аурушаңдығы құрылымында  бірінші орында тұр.

Ісікалды және ісік патологияларын ерте анықтауға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін скрининг, емдік тактиканы уақтылы диагностикалау және стандарттау елімізде сүт безі обырынан өлім-жітім деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

 

АЛМАТЫ