• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2019

Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

246 рет
көрсетілді

Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының екінші кезеңі басталды. Аталған сында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Галышева 79,8 ұпай жинап, әлем кубогының күмісін еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы Перрин Лаффоннан (81,4) оза алмады. Үздік үштікке канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант енген. Ерлер арасында қазақстандық Дмитрий Рейхерд 6-орыннан көрінді. Бәсекеде жапониялық Икума Хоришима (86,9) жеңіске жетсе, канадалық Микаэл Кингсбери (86,3) күміске қол жеткізді. Қола медальді франциялық Бенжамен Каве (83,3) иеленді.